2026 жылғы 18 қыркүйек күні «Нашақорлыққа жол жоқ!» облыстық жастар форумы өтті. Форум аясында Өңірлік орталықтың маманы Фазымова А.Ж. колледж студенттеріне «Тәуелділік: кім кімді басқарады?» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.
«Кім кімді басқарады?» деген сұрақтың жауабын бірге іздей отырып, қатысушылар адамның өз өміріне өзі жауапты екенін, ал кез келген тәуелділік уақыт өте келе адамның еркін таңдау жасау мүмкіндігін шектейтінін түсінді.
Осындай кездесулер жас ұрпақтың өмірлік құндылықтарын нығайтуға және қауіп-қатерлерді дер кезінде тануына мүмкіндік береді.





