2026 жылғы 28–29 қазан аралығында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Мектеп оқушыларының психологиялық әл-ауқаты: тәуекелдер, ресурстар және психологиялық қолдаудың тиімді тәжірибелері» тақырыбында республикалық семинар өтті.
Семинарға Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Кәсіптік мектеп» КММ педагог-психологы Хизина Айжан Талғатқызы қатысты.
Іс-шара барысында әр өңірден келген педагог-психологтар өзара тәжірибе алмасып, практикалық жұмыстарға белсенді қатысты. Семинар кәсіби білім мен біліктілікті жетілдіруге, психологиялық қолдаудың тиімді әдіс-тәсілдерін меңгеруге және кәсіби тәжірибені толықтыруға мүмкіндік берді.





