Тіліңізді таңдаңыз

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс

«Шекарашы орта мектебінде» оқушылар мен педагогтерге арналған консультациялық пункт жұмысы ұйымдастырылды

2026 жылғы 5 қараша күні Зайсан ауданының білім бөлімінің «Шекарашы орта мектебі» КММ-де оқушылар мен педагогтерге арналған консультациялық пункт жұмысы ұйымдастырылды.

Әдіскер-үйлестіруші С. Асқатова 2–9-сыныптардың 18 оқушысына интернеттегі қауіпсіздік, «111» бірыңғай байланыс орталығының қызметі және зорлық-зомбылықтың алдын алу тақырыптарында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара оқушылардың интернетті қауіпсіз пайдалану дағдыларын қалыптастыруға, жеке қауіпсіздік туралы түсініктерін кеңейтуге және қиын жағдайда көмекке жүгіну жолдары туралы хабардарлығын арттыруға бағытталды.

Кездесу барысында интернеттегі қауіп-қатерлерден қорғану, жеке мәліметтерді сақтау, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезінде сақтық таныту мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар зорлық-зомбылықтың алдын алу, өз құқықтарын қорғау және қауіп туындаған жағдайда сенімді ересектерден көмек сұрау қажеттігі айтылды. Оқушыларға «111» бірыңғай байланыс орталығына жүгіну мүмкіндігі туралы ақпарат берілді.

Консультациялық пункт жұмысы аясында мектеп психологінің міндетін уақытша атқарушыға жеке консультация берілді. Консультация барысында мектептегі психологиялық қолдау жұмысын ұйымдастыру және оқушылармен профилактикалық жұмыстар жүргізу мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.