2026 жылғы 29 қыркүйекте Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің «Камышинка «Жалпы білім беретін орта мектеп – балабақша» кешені» КММ-де мектеп оқушылары мен педагогтеріне арналған консультациялық пункт ұйымдастырылды.
Жұмысты ШҚО білім басқармасының «Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы» КММ-нің Шемонаиха ауданы бойынша әдіскер-үйлестірушісі Ольга Петровна Коновалова жүргізді.
🔹 6-сынып оқушыларымен қауіпсіз әрі саналы мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға және достық қарым-қатынасты дамытуға бағытталған сабақ өткізілді. Сабаққа 15 оқушы қатысты.
🔹 12 сынып жетекшісі SAFE Mental Health бағдарламасының «Мектептегі әл-ауқат модулімен» таныстырылды.
🔹 Консультациялық пункт аясында 1 педагогке, 1 ата-анаға және 3 оқушыға жеке кеңес берілді.
Кездесулер балалардың психологиялық әл-ауқатын қолдауға және мектепте қауіпсіз, ізгі қарым-қатынас ортасын қалыптастыруға бағытталды.
Консультациялық пункттердің жұмысы жалғасады.





