Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс
Өңірлік орталықта жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу бойынша семинар өтті

Өңірлік орталықта жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу бойынша семинар өтті

2026 жылғы 18-20 мамыр аралығында «Семей медицина университеті» КЕАҚ-тың бастамасымен ШҚО ББ «Өңірлік психологиялық қолдау және көмек көрсету орталығы» КММ базасында «Жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында үш күндік семинар өтті. Шараға Өскемен қаласының, Ұлан және Глубокое аудандары мектептерінің, сондай-ақ ӨПҚКӨО-ның 15 педагог-психологы қатысты.

Семинарды «Семей медицина университеті» КЕАҚ Психиатрия және наркология кафедрасының ассистенті, докторант Еламан Әділетұлы Төлеуов жүргізді.

Кәсіби диалог барысында қатысушылар дағдарыс жағдайындағы жасөспіріммен қалай қауіпсіз тіл табысу керек, кәмелетке толмаған баланың бойында суицид қаупі анықталған кезде психолог не істеуі қажет (іс-қимыл алгоритмі) деген сияқты маңызды мәселелерді қарастырып, клиникалық кейстерді талдады. Сондай-ақ жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқы мен өзіне-өзі зақым келтіру қаупі кезінде қолданылатын әмбебап кәсіби сөз орамдарын талқылады.

Семинар мазмұнының тереңдігі мен практикалық құндылығы үшін дәріскер Еламан Әділетұлына шынайы алғысымызды білдіреміз.