Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс

Тарбағатай ауданында педагогтарға психологиялық қолдау көрсетілді

09.04.2026 жылы Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының «Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы» КММ-нің Тарбағатай ауданы бойынша әдіскер-үйлестірушісі Нигметова Лаура Бауыржанқызының ұйымдастыруымен Тарбағатай ауданы білім бөлімінің «Жаңғызтал бастауыш мектебі» КММ-де

«Педагогтардың эмоционалдық күйзелісінің алдын алу және қолдау» тақырыбында кеңес беру пункті өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – кеңес беру пунктінде жағымды психологиялық атмосфера қалыптастыру, педагогтардың эмоционалдық күйзелісінің алдын алу, олардың психологиялық саулығын нығайту, стресс деңгейін төмендету және өзін-өзі реттеу дағдыларын дамыту.

Кеңес беру пунктіне 3 педагог қатысты. Іс-шара барысында педагогтар жаттығуларға белсенді қатысып, қызығушылық танытып, өз әсерлерімен бөлісті.