2026 жылғы 28 тамызда Өңірлік психологиялық қолдау және көмек көрсету орталығы «Қауіпсіз білім беру ортасы: білім алушылардың әл-ауқаты және психологиялық қолдау» тақырыбында педагог-психологтардың секциялық отырысын өткізді.
Іс-шараға қалалар мен аудандардағы психологиялық қызметтердің жұмысын үйлестіретін 68 педагог-психолог пен әдіскер қатысты.
Секциялық отырыс барысында Орталықтың, әдіскер-үйлестірушілердің және өңірдегі психологиялық қызметтердің жұмысына талдау жасалып, өзекті мәселелер мен алдағы міндеттер айқындалды. Психологиялық қызметтердің жұмысын реттейтін заңнама мен нормативтік-құқықтық актілердегі өзгерістер қарастырылды.
Сонымен қатар білім беру ұйымдарында ерекше назар аударуды қажет ететін кәмелетке толмағандарға педагогикалық қолдау көрсетудің жаңартылған қағидаларын ескере отырып, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметтерінің жұмысын жоспарлауға басымдықтар берілді.
Психологтың жұмыс орнын автоматтандыру, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы тәуекелдерді анықтауға арналған міндетті диагностикалы құралдарды қолдану мәселелеріне де ерекше назар аударылды. Білім беру ұйымдарының Орталықпен өзекті мәселелерді шешу бағытындағы өзара іс-қимылының ұйымдастырушылық аспектілері талқыланды.
Секциялық отырыстың қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар әзірленіп, одан әрі іске асыру үшін білім беру ұйымдарына жолданды.
Балалар мен жасөспірімдердің әл-ауқатын қамтамасыз етуге күнделікті үлес қосып жүрген барлық психологтар мен әдіскерлерге алғыс білдіреміз!
Барша педагогтерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз! Оқу жылына сәттілік, толағай жетістіктер және шығармашылық шабыт тілейміз!





