ШҚО білім басқармасының Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығының Самар ауданы бойынша әдіскер үйлестірушісі С.Айдарқызы 29.04.2026 жылы “Пантелейменовка негізгі мектебі” КММ кеңес беру пунктін ұйымдастырды. Кеңес беру пунктінде оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай маңызды психологиялық тренингтер ұйымдастырды.
🔹 9-сынып оқушыларына
«Болашақ мамандығым – менің таңдауым» тақырыбында кәсіптік бағдар беру тренингі өткізілді. Сонымен қатар ДДС сауалнамасы алынды. Оқушылар өз қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтап, мамандық таңдауда саналы шешім қабылдаудың маңыздылығын түсінді. Барлық қатысушылар саны -4
🔹 7-8 сынып оқушыларына
«Жағымды қарым-қатынас – табыс кілті» тақырыбында тренинг ұйымдастырылып, оқушылар бір-бірімен сыйластық, түсіністік және тиімді қарым-қатынас орнату дағдыларын дамытты. Барлық қатысушылар саны -3
🔹 5-сынып оқушыларына
«Жылы шеңбер – достық бастауы» тақырыбында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға бағытталған тренинг өтті. Балалар өзара сенім орнатып, сергіту жаттығуларын орындай отырып, көтеріңкі көңіл күй орнады. Қатысушылар саны -2 оқушы
💫 Тренинг барысында түрлі ойындар, жаттығулар және топтық жұмыстар арқылы оқушылар белсенділік танытып, өз ойларын еркін жеткізе білді.
Сонымен қатар, оқушыларға сенім телефондары мен өңірлік қолдау орталығы туралы ақпарат берілді.
📌 Мұндай шаралар оқушылардың тұлғалық дамуына, өзара қарым-қатынасты нығайтуға және болашаққа сенімді қадам жасауына үлкен ықпал етеді.





