ШҚО ББ «Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы» КММ мамандары әдіскер, педагог-психолог Нурхатова Г.А., және А.Ж. Фазымова Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімінің «Құмаш Нұрғалиев атындағы гимназиясы» КММ мониторинг жүргізді.
Мониторингтің мақсаты – мектептің психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмыс тиімділігін зерделеу, психологиялық қызметтің ұйымдастырылуы мен құжаттамасының жүргізілуін талдау, сондай-ақ білім алушыларға көрсетілетін психологиялық қолдау сапасын бағалау.
Мониторинг барысында:
- психологиялық қызметтің нормативтік-құқықтық құжаттары қаралды;
- педагог-психологтардың жұмыс жоспарлары мен есептері талданды;
- психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің қызметі бағаланды;
- мамандарға әдістемелік ұсынымдар берілді.
Мұндай мониторингтер психологиялық қызметтің сапасын арттыруға, тиімді тәжірибелерді анықтауға және білім беру ұйымдарында қолайлы психологиялық ортаны қалыптастыруға ықпал етеді.





