Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс
Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметтерінің жұмысына мониторинг

Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметтерінің жұмысына мониторинг

23.06.2026 жылы ШҚО ББ «Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы» КММ мамандары – директордың психологиялық жұмыс бойынша орынбасары А.А. Челнокова және әдіскер, педагог-психолог А.Ж. Фазымова Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№12 мектеп-гимназиясы» КММ-де мониторинг жүргізді.

Мониторингтің мақсаты – мектептің психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмыс тиімділігін зерделеу, психологиялық қызметтің ұйымдастырылуы мен құжаттамасының жүргізілуін талдау, сондай-ақ білім алушыларға көрсетілетін психологиялық қолдау сапасын бағалау.

Мониторинг барысында:

-психологиялық қызметтің нормативтік-құқықтық құжаттары қаралды;

-педагог-психологтардың жұмыс жоспарлары мен есептері талданды;

-психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің қызметі бағаланды;

-мамандарға әдістемелік ұсынымдар берілді.

Мұндай мониторингтер психологиялық қызметтің сапасын арттыруға, тиімді тәжірибелерді анықтауға және білім беру ұйымдарында қолайлы психологиялық ортаны қалыптастыруға ықпал етеді.