Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс
Психологиялық қызмет жұмысын жетілдіру бағытындағы әдістемелік қолдау

Психологиялық қызмет жұмысын жетілдіру бағытындағы әдістемелік қолдау

2026 жылдың 27 сәуірінде Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығының мамандары Резван Д.А. және Нурхатова Г.А. ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша «№27 орта мектебі» КММ-де әдістемелік көмек көрсету мақсатында жұмыс жүргізді.

Кездесу барысында мектептің психологиялық-педагогикалық қолдау қызметімен бірлесіп, қиын өмірлік жағдайға тап болған баланың мәселесі талқыланды. Мамандар нақты баламен жұмыс жүргізудің ерекшеліктерін қарастырып, тиімді жоспар құру жолдарын ұсынды.

Сондай-ақ, кәсіби қызметтің сапасы мен нәтижелілігін арттыруға бағытталған әдістемелік ұсыныстар берілді.