Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс

Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған баспасөз конференциясы

29 мамыр күні Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығының басшысы балаларды қорғау күніне арналған баспасөз конференциясына қатысты. Конференция барысында білім басқармасы басшысының орынбасары А. А. Ақылбек, өңірдің Бала құқықтары жөніндегі уәкілі А. А. Каленованың қатысуымен психологиялық қауіпсіздік, жазғы демалыс, бос уақыт және кәмелетке толмағандарды жұмыспен қамту мәселелері талқыланды. Балаларды қорғау күнін мерекелеу тұжырымдамасы да ұсынылды.