2026 жылдың 9 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысының Өңірлік психологиялық қолдау және көмек көрсету орталығының мамандары тарапынан білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына Mental Health бірыңғай ақпараттық жүйесімен жұмыс істеу бойынша онлайн оқыту өткізілді.
Кездесу мамандарға жаңа жүйемен және оның мүмкіндіктерімен танысуға арналған практикалық алаңға айналды. Қатысушылар платформаның құрылымын, жеке кабинеттің жұмыс істеу тәртібін, диагностикалық құралдарды, кәсіби жұмысты жоспарлау және тіркеу мүмкіндіктерін, сондай-ақ мамандар арасындағы өзара іс-қимыл тетіктерін қарастырды.
Платформа көмегімен маманның кәсіби тәсілі мен құпиялылық талаптарын сақтай отырып, жұмысты неғұрлым жүйелі, бірізді әрі маман үшін ыңғайлы ету жолдарына ерекше назар аударылды.
Оқыту практикалық талдау форматында өтіп, қатысушыларға сұрақтар қойып, платформамен жұмыс істеуге қатысты түсіндірмелер алуға мүмкіндік берілді.
Келесі кезең — алынған білімді ШҚО білім беру ұйымдарының мамандарының практикалық жұмысында қолдану.





