Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс
Әдістемелік көмек көрсету және сүйемелдеу қызметінің қызметін мониторингтеу

Әдістемелік көмек көрсету және сүйемелдеу қызметінің қызметін мониторингтеу

2026 жылдың 27 сәуір күні мамандарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейге шығу (бару) жұмыстары жүзеге асырылды.

Жұмыс барысында қатысушылардың өзара іс-қимылының ерекшеліктері мен жағдайларын егжей-тегжейлі талдай отырып, қақтығыс жағдайына талдау жүргізілді. Мамандарға жұмыстың тиімділігін арттыруға және тіл табыса білуге бағытталған тәжірбиелік ұсыныстар берілді.

Сондай-ақ, Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің жұмысына мониторинг жүргізілді. Құжаттарды уақытылы жүргізілуі, жұмысқа кәсіби көзқарас және білім алушылардың сүйемелдеуіндегі жүйелілік атап өтілді. Мониторинг қорытындысы бойынша психологиялық-педагогикалық қолдау сапасын күшейту үшін қосымша ұсыныстар берілді.