2026 жылғы 28 сәуірде әдіскер-үйлестіруші Болатханова Назым Серікқалиқызы Ұлан ауданы, “Гагарино орта мектебі” КММ-не барып, кеңес беру пунктін ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі мақсаты-оқушыларға буллинг пен суицидтің алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, өңірлік педагогикалық-психологиялық қолдау орталығының қызметі, сенім телефондары туралы ақпарат беру. Оқушылардан С.Г. Корчагинның “Жалғыздық” анкетасы алынды. Сонымен қатар, мектеп әкімшілігіне жоғарғы назар аударуды қажет ететін баллармен жұмыс бойынша ақпарат беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қамтылған оқушылар саны- 25, педагогтар саны-8.





