Психодиагностикалық әдістемелерді жаңарту жөніндегі жұмыс тобының отырысы
16 сәуірде орталығымыздың басшысы Л. Куземко ҚР-дағы психодиагностикалық әдістемелерді жаңарту жөніндегі жұмыс тобының отырысына қатысты. Топтың негізгі міндеті — мамандардың тәжірбие қызметінде қолданылатын қазіргі заманғы, ғылыми негізделген қауіп-қатерді бағалау жүйесін құру.
Отырысқа келесі тұлғалар қатысты:
Д.Б. Зәкиева – ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл;
Ю.Р. Овечкина – ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары;
Е.Н. Сәкенова – «ӨРКЕН» БӘАҰҒПИ президенті;
Алматы, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласының Психологиялық қолдау орталықтарының директорлары, сондай-ақ БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілдері.
Кездесу барысында қазіргі әдістемелерге талдау жүргізілді, олардың орындылығы, негізділігі, ақпараттылығы, өзгермелілігі, ұлттық басымдықтарға сәйкестігі, лицензиялау мүмкіндіктері және т.б. қаралды.
Бұдан бөлек, білім беру саласындағы психологтардың диагностикалық жұмысын азайту, олардың функциялары мен міндеттерін нақтылау, диагностиканы автоматтандыру және біріңғай ұлттық платформа құру мәселелері талқыланды.
Негізгі нәтижелер мен алдағы жоспарлар:
Қауіп-қатер тобындағы оқушыларды анықтауға арналған инвариантты және вариативті құралдар әзірленді.
Жақын арада бұл құралдарды халықаралық сарапшымен келісу, әдістемелік ұсынымдар дайындау және платформада автоматтандыру жоспарлануда.
Болашақта психологтардың лауазымдық міндеттеріне қойылатын талаптар қайта қаралып, Қазақстанда қолданыстағы қаулылар мен бұйрықтарға өзгерістер енгізіледі.
Бұл жұмыс педагог-психологтарды күнделікті, қажетсіз жұмыстардан арылту, психологиялық көмектің мақсатты көрсетілуін арттырудағы маңызды қадамдардың біріне айналды.
Сенім білдіргендеріңіз және психологиялық көмек көрсету жүйесін дамытуға үлес қосу мүмкіндігі үшін алғыс айтамыз.





