Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс

Бейнеконтентпен жұмыс технологиялары: профилактикалық жұмыста қолдану тәжірибесі

2026 жылдың 30 сәуір күні ШҚО ББ «Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы» КММ мамандары Е. Б. Гутова және Г. А. Нұрхатова директордың тәрбие (әлеуметтік ) жұмысы жөніндегі орынбасарларына, сынып жетекшілерге, педагог-психологтарға арналған «Бейнеконтентпен жұмыс істеу технологиялары және оларды оқушылармен профилактикалық жұмыста пайдалану» облыстық семинар–практикум өткізіліп 51 адамды қамтыды.

Семинар-практикум профилактикалық қызметте заманауи цифрлық құралдарды пайдалануда кәсіби құзыреттілікті арттыруға бағытталған. Қатысушылар бейне мазмұнды пайдалану мүмкіндіктерін талқылады. «Ниетті анықтау», «Стоп-кадр», «Көпір салу», «Түсіндіруді өзгерту», «Егер мен ....», «Күмәндану», «Түсті кілем» сияқты жұмыс технологияларымен танысты. Осы әдіс-тәсілдермен жаттығуларды жұмыста қолдану нәтижесінде балалар мен жасөспірімдерде аналитикалық қабылдау кеңейіп, қалыптасады, зерттеу дағдылары пайда болады. Ақпаратқа, жағдайға сыни тұрғыдан қарау қабілеті, олардың әрекеттерінің салдарын көру және есептеу, таңдау жасау және шешім қабылдау қабілеті қалыптасады.

Семинардың атмосферасы қатысушыларға тәжірибе алмасуға, өзекті мәселелерді талқылауға және жұмыс үшін жаңа идеялар алуға мүмкіндік берді.

Семинар кәсіби дамуға, тәрбие және психологиялық қолдау саласында жұмыс істейтін мамандардың дағдыларын жетілдіру үшін тиімді алаңға айналды.