Өңірлік психологиялық қолдау орталығы облыс прокуратурасының бастамасымен және ШҚО цифрландыру басқармасымен бірлесіп эмоционалды және мінез-құлық тәуекелдерін анықтау бойынша жоба әзірлеуде. 2026 жылдың 29 сәуір күні Өскемен қаласының мектептері базасында жүйені сынақтан өткізу қорытындылары талқыланды. Пысықталғаннан кейін жоба өңірдің аудандары мен қалаларына таралады.
Мұндай жобалар психологтардың диагностиканы оңтайландыру және көмекке мұқтаж оқушылармен одан әрі жұмыс істеу мүмкіндіктерін кеңейтеді.





