2026 жылдың 12 тамызында ШҚО ББ « Өңірлік психологиялық қолдау және көмек көрсету орталығы» КММ басшысы Лилия Петровна Куземко дағдарыстық жағдайлардың алдын алу және қызметтердің өзара іс-қимылын күшейту мәселелеріне арналған ведомствоаралық семинарға қатысты.
Кездесу барысында дағдарыстық жағдайда тұрған балалар мен отбасыларды ерте анықтау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және қажетті көмекті уақтылы көрсету мәселелері талқыланды.
Лилия Петровна «Дағдарыстық жағдайда тұрған балалар мен отбасыларды ерте анықтауда және профилактика субъектілерін уақтылы хабардар етуде білім беру жүйесінің рөлі» тақырыбында баяндама жасады.
Білім беру ұйымдарының қолдауды қажет ететін отбасыларды анықтаудағы рөліне және ведомствоаралық тиімді өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды.
Қатысушылар тәжірибе алмасып, балалардың құқықтарын қорғауға және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен жұмыстың практикалық тетіктерін талқылады.





