2026 жылғы 30 қыркүйекте облыстың білім басқармасы, Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы және Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы кәмелетке толмағандар арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу мәселелерін кешенді шешуге бағытталған кезекті ведомствоаралық кеңес өткізді. Іс-шараға білім беру, денсаулық сақтау және құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ аудандардың білім бөлімдерінің басшылары мен әдіскерлері, директорлар, директорлардың орынбасарлары, білім беру ұйымдардың педагог-психологтары қатысты.
Кеңес барысында 2026 жылдың III тоқсанындағы өзекті статистикалық деректер қаралды, қабылданып жатқан ден қою шаралары талқыланды.
Кеңес барысында 2026 жылдың III тоқсанындағы өзекті статистикалық деректер қаралып, қабылданып жатқан ден қою шаралары талқыланды.
Сондай-ақ, кеңеске қатысушылар өзіне-өзі қол жұмсау әрекеттері мен аяқталған жағдайлардың нақты жағдайларын қарады, мектептер мен колледж басшылары әрбір факт бойынша атқарылған жұмыстарды ұсынды. Қарау барысында барлық мектептер мен колледждерде әрбір жағдаймен жұмыс істеу, кәмелетке толмағандардағы қауіп факторларын ерте анықтау, жедел ден қою және ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелері бойынша қосымша шаралар ұсынылды.
Осы бағыт бойынша жұмыстар жалғасатын болады.





