2026 жылдың 21 сәуір күні ШҚО білім басқармасы мен Өңірлік психологиялық қолдау және көмек көрсету орталығы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, бұзақылық пен суицидтік мінез-құлықтың алдын алу мәселелерін кешенді шешуге бағытталған ведомствоаралық кеңес өткізді.
Іс-шараға білім беру, денсаулық сақтау және құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ аудандық білім бөлімдерінің басшылары мен әдіскерлері, директорлардың орынбасарлары, білім беру ұйымдарының педагог-психологтары қатысты.
Кеңес барысында 2026 жылдың біріншітоқсанындағы өзекті статистикалық деректер қаралып, қабылданған ден қою шаралары және профилактикалық жұмысты одан әрі жетілдіру тәсілдері талқыланды.
Кеңеске қатысушылар құқық бұзушылықтың, буллингтің, суицидтің нақты жағдайларын қарады, мектептер мен колледждердің басшылары әрбір факт бойынша атқарылған жұмыстар мен қабылданған шараларды таныстырды.
Қарастыру барысында әрбір жағдаймен жұмыс істеу бойынша қосымша шаралар, сондай-ақ барлық мектептер мен колледждерде жалпы профилактиканы күшейту үшін қажетті тәсілдер, кәмелетке толмағандардың қатер факторларын ерте анықтау, жедел ден қою және ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелері ұсынылды.
Ведомствоаралық өзара іс-қимылдың осындай форматы алдын алу және жедел ден қою тиімділігін арттыру бағыты бойынша күш-жігерді шоғырландыруға мүмкіндік береді.
Әр жағдайды жан-жақты сараптай отырып, ай сайын тұрақты түрде кездесулер өткізу жоспарлануда.





