Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні аясындағы Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығының іс-шаралары: психологиялық қолдау және кәсіподақпен бірлескен бастамалар

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау айы аясында (Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне 28 сәуір) біздің орталықтың кәсіподағы анонимді сауалнама жүргізді. Оған қызметкерлердің 85% - дан астамы қатысты.

Не зерттелді:

- жұмыстағы стресс көздері;

- ұжымдағы қолдау деңгейі;

- еңбек жағдайларына қанағаттану.

Негізгі нәтижелер:

Қызметкерлердің 82% мейірімді атмосфераны және әріптестерінің көмектесуге дайын екендігін атап өтті.

Негізгі стресс факторлары:

- жоғары эмоционалды жүктеме (қатысушылардың 68%);

- Есептіліктің үлкен көлемі (45 %);

76% еңбек жағдайларын жақсы деп бағалады.

60 % шаршап қалудың алдын алу бойынша тұрақты тренингтерді қалайды.

Біз қандай шараларды жоспарлап отырмыз:

- психологиялық жеңілдету үшін қысқа үзілістер енгізу;;

- шаршап қалуға қарсы ай сайынғы тренингтер ұйымдастыру;

- жайлы демалыс аймағын құру;

- жүктемесі жоғары қызметкерлер үшін супервизияжүргізу.

Әріптестерімізге, қатысқандарыңыз үшін алғыс айтамыз! Сіздің пікіріңіз - психоәлеуметтік ортада жұмыс істеудің басты бағыты.