Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс
Кеңес беру алаңы: сенім мен қолдауға негізделген қауіпсіз орта

Кеңес беру алаңы: сенім мен қолдауға негізделген қауіпсіз орта

2026 жылғы 15 сәуірде әдіскер-үйлестіруші Болатханова Назым Серікқалиқызы Ұлан ауданы, “М.Таенов атындағы орта мектебі” КММ-не барып, «Қауіпсіз білім беру ортасы – сенім мен қолдау аймағы» тақырыбында кеңес беру пункті ұйымдастырылды! Іс-шараның негізгі мақсаты-оқушылар мен ата-аналар арасында өзара сенімге негізделген қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру, буллинг пен суицидтің алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, баланың психологиялық жағдайына назар аудару арқылы қолдау мәдениетін дамыту. Сонымен қатар, ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты күшейтіп, балаға дер кезінде көмек көрсету дағдыларын қалыптастыру! Ата-аналар мен оқушыларға суицид және буллингтің алдын алу бойынша қысқа метражды видеороликтер көрсетілді! Мектеп әкімшілігіне жоғарғы назар аударуды қажет ететін баллармен жұмыс бойынша ақпарат беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді! Шараға 7 педагог, 6 ата-ана, 12 оқушы қатысты.