Тіліңізді таңдаңыз

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс
Қарой бастауыш мектебіндепсихологиялық-педагогикалық кеңес беру пункті жұмыс жүргізді

Қарой бастауыш мектебіндепсихологиялық-педагогикалық кеңес беру пункті жұмыс жүргізді

2026–2027 оқу жылының 25-қыркүйегінде Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің "Қарой бастауыш мектебі"КММ -нің ата-аналары және педагогтерге психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, туындаған мәселелер бойынша қажетті кеңес беру мақсатында мектепте кеңес беру пунктінің жұмысы ұйымдастырылды.Қатысқан ата-ана саны :3,педагтар саны : 2 болды.

Кеңестік пункт жұмысының негізгі мақсаты – білім алушылардың психологиялық әл-ауқатын қолдау, олардың оқу және әлеуметтік ортаға бейімделуіне ықпал ету, ата-аналар мен педагогтерге бала тәрбиесі мен психологиялық қолдау мәселелері бойынша консультативтік көмек көрсету болды.

Ата-аналарға балаға қолайлы психологиялық орта қалыптастыру, жас ерекшеліктеріне сәйкес қарым-қатынас жасау, баланың эмоционалдық жағдайын бақылау және қиын жағдайларда қолдау көрсету бағытында ұсыныстар берілді.

Педагогтерге білім алушылармен тиімді қарым-қатынас орнату, оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру, бейімделу кезеңіндегі психологиялық қолдау көрсету және эмоционалдық қиындықтардың алдын алу бойынша кеңес берілді.Кеңестік пункт жұмысы құпиялылық, жеке тұлғаны құрметтеу және бала мүддесін қорғау қағидаттарына негізделді.

Кеңес беру пунктінің жұмысы білім алушыларға, ата-аналарға және педагогтерге психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуге, туындаған мәселелерді уақытылы анықтауға және олардың алдын алуға бағытталды.