2026 жылдың 29 сәуір күні орталық мамандары Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Серебрянск қаласының М.В.Инюшин атындағы № 1 орта мектебі» КММ барды.
Жұмыс барысында мамандар білім алушылар арасындағы жанжалды жағдайды қарау жөніндегі алдын алу Кеңесінің отырысына қатысты. Талқылау барысында жанжалдың себептері мен динамикасы егжей-тегжейлі талданды, оның дамуына әсер еткен факторлар анықталды.
Мамандар жүйелі профилактика жұмысын құру, ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту және білім беру үрдісіне қатысушылар арасындағы қарым-қатынастарды қалпына келтіру жөнінде ұсыныстар берді. Қақтығысқа тартылған балаларды сүйемелдеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің жұмысына мониторинг жүргізілді. Сапар қорытындысы бойынша профилактика жұмыстарының тиімділігін арттыруға және қақтығысты жағдайлардың қайталануының алдын алуға бағытталған қосымша шаралар ұсынылды.





