Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс
«Буллингсіз орта – қауіпсіз болашақ»: кеңес беру пункті аясындағы жұмыс

«Буллингсіз орта – қауіпсіз болашақ»: кеңес беру пункті аясындағы жұмыс

28.04.2026 жылы Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының «Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы» КММ-нің Тарбағатай ауданы бойынша әдіскер-үйлестірушісі Нигметова Лаура Бауыржановнаның ұйымдастыруымен Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Қарой бастауыш мектебі» КММ-де «Буллингсіз орта – қауіпсіз болашақ» тақырыбында кеңес беру пункті аясында мектеп оқушыларымен, ата-аналармен және педагогтармен кездесу өткізіліп, тренинг-сабақ ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – қатысушыларға буллинг туралы түсінік беру, олардың арасында өзара түсіністік пен қолдауды арттыру, қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу дағдыларын дамыту.

Іс-шараға 2 педагог, 2 ата-ана және 4 оқушы қатысты. Қатысушылармен түрлі жағдаяттар талқыланып, «Рөлге ену», «Эмпатия көпірі», «Отбасылық қолдау» сияқты жаттығулар жүргізілді. Сабақ барысында бейнематериалдарға талдау жасалды.  Қатысушылар әр әдіске қызығушылық танытып, алған әсерлерімен бөлісті.